Наталья Богданова — World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы
World Boxing ұйымы 2025 жылдың үздік боксшысын анықтады, деп хабарлайды Sport+.
Жанкүйерлер арасындағы сауалнаманың жеңімпазы қазақстандық Наталья Богданова атанды. Ол екінші орын алған норвегиялық спортшы Суннива Хофстадтан 15 мың лайкқа көп жинады.
Сондай-ақ «Жылдың үздік боксшысы» атағына үндістандық Жасмин мен Минакши, сондай-ақ Польша өкілі Агата Качмарска үміткер болды.