Бір кеште бес белбеу сарапқа салынады: RD Promotion бокс кешінің тікеле эфирі
20 желтоқсанда Алматыда ауқымды бокс кеші өтеді. Оның аясында бес белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастырылады.
Басты жекпе-жекте қазақстандық Елшат Нығметолла филиппиндік Алвин Камикеге қарсы WBA Asia белбеуін қорғайды.
Ко-мейн ивентте қазақстандық Армат Арманұлы қырғызстандық Авалбек Куранбаевпен WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады.
Еділ Қожамбердиев түркиялық Фатих Келешке қарсы WBC белбеуіне таласады.
Ал қазақстандықтар Әлімжан Баскемпір мен Сұлтан Шәріпов Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының белбеуін сарапқа салады. Сондай-ақ Қанат Сангил WBA Asia Central белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.
Турнирдің толық файткарды төмендегідей:

Кештің басталуы — 17:00. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ sportplus_qaz YouTube-арнасында қолжетімді болады.