logo

Наргиза Болатова әртістік жүзуден әлем кубогындағы жорығының қорытындылады

Наргиза Болатова әртістік жүзуден әлем кубогындағы жорығының қорытындылады

Франция астанасы Парижде өткен әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде өнер көрсеткен Наргиза Болатова турнирдің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса, Париждегі әлем кубогі кезеңінде Ким мен Болатова жұбы техникалық бағдарламада жеңіске жеткен болатын. 

«Әлем кубогінің барлық кезеңі Олимпиада қарсаңында өткізілгендіктен, командалар тек жеңіс үшін келеді. Бәрі де мықты, бәрі де жақсы өнер көрсетіп, лицензиялық ұпай алғысы келеді. Париждегі жарыс олимпиадалық бассейнде өтті. Яғни, жарыс қарсаңындағы бақылау десек те болады. Бұл бәсекеге Қытай құрамасы ғана қатысқан жоқ. Қалғандары  түгел жиналды.

Біз өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге тырыстық. Техникамыз бен шеберлігімізді барынша паш еттік. Күн сайын бірнеше сағатқа созылатын жаттығулар өз жемісін беруде. Одан бөлек, біз жаттығатын базада барлық жағдай жасалған. Бұл да жеңістің бір бөлшегі екенін ұмытпау керек.

Әлем кубогінің келесі кезеңі 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Елге оралып, олимпиадалық дайындық базасында жаттығуды қайта жалғастырамыз.Мінез бен тәртіп, еңбек пен тынымсыз жаттығу, жаттығу кезінде әрбір детальға мән беру, бапкерлердің қырағылығы — міне, осының бәрі жақсы нәтижеге алып келеді».