Надежда Дубовицкая Қазақстанға Азия чемпионатындағы бесінші медальді алып келді
Қытайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Надежда Дубовицкая биіктікке секіру сайысында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+.
Оның нәтижесі — 1,87 метр.
Алтын медальді Өзбекстан спортшысы иеленсе, дәл осындай нәтижеге қол жеткізген үндістандық атлет те күміс жүлде алды.
Бұл — Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы бесінші медалі.
Бұған дейін:
Нора Джеруто — алтын және қола
Алина Чистякова — алтын (бес сайыс)
Мария Ефремова — қола (үш қарғып секіру)