Моңғолия астанасында халықаралық марафон басталды
Моңғолия астанасында халықаралық «Ulaanbaatar Marathon 2024» басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұланбатырдағы марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және халықты белсенді дене шынықтыру мен спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту, қашықтыққа жүгіруде спорттық жетістіктердің өсуін ынталандыру.
Бұл жолы марафонға 34 елден барлығы 20 451 адам қатысуда.
Жарысқа қатысушылар кәсіби марафон /42 шақырым/, жартылай марафон /21 шақырым/, әуесқойлар үшін 10 және 5 шақырымдық марафон, мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасылары үшін 1,5 шақырымдық марафондар жүгіреді.
«Ulaanbaatar Marathon 2024» жарысына қатысуға 20 мыңнан астам адам тіркелген.