logo

Мөлдір Жаңбырбай – XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері

Мөлдір Жаңбырбай – XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден Қазақстан құрамасы ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды Sport+.

Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол Иран спортшысы Сара Бахманиермен кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды, алайда төрешілер нәтижелі әрекет үшін жеңісті қарсыласына берді.

Ертең татамиге Софья Берульцева (+68 кг), Әсел Қанай (61 кг) және Нұрқанат Әжіқанов (75 кг) шығады.



Күн шежіресі