logo

Мөлдір Жаңбырбай беделді турнирдің финалына шықты

Мөлдір Жаңбырбай беделді турнирдің финалына шықты

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай  бес қарсыласын жеңіп, ақтық сынға шықты. Қазақстандық спортшы Агус Азианы 6:2 (Италия), Уикен Силия (Алжир) 6:4, Родригес Катаринаны 3:1 (Португалия) есебімен ұтты. Енді финалда Венесуэла өкілі Салазар Йоргелиспен жолығады. 

Мөлдір Жаңбырбай Азия ойындары және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы.



Күн шежіресі