Михаил Шайдаров: Әлі күнге дейін екі бағдарламаны да ұтып алғаныма сене алар емеспін

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдаров Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Төрт құрлық чемпионатындағы жеңісі туралы айтты.
— Эмоция толқыны басым болды, қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұрғаныма сене алмадым. Еркін бағдарламаға шығу қиынға соқты. Мансабымда алғаш рет менің әуенімнің орныма басқасы қосылды, бірақ бұл мені шатастырған жоқ, мен таза сырғанап шықтым. Бұл керемет сәт болды, себебі 10 жыл бұрын дәл осы аренада, шамамен дәл осы күндері, осындай ұпаймен Денис Тен де бірінші орынды жеңіп алған еді. Ашық айтсам, мен жеңісті күтпедім, тек жүлдеге үміттендім. Әлі күнге дейін екі бағдарламаны да ұтып, бірінші орын алғаныма сене алар емеспін.
— Алдағы жоспарларыңыз қандай?
— Қазір біраз демалып, қатарынан өткен жарыстардан кейін қалпыма келгім келеді. Сосын Әлем чемпионатына бұрынғыдан да жақсы формада баруды жоспарлап отырмын.