Миранчук Зайнутдиновтың командаласы атануы мүмкін
Антон Миранчук «Бешикташқа» ауысуға келісті, бірақ жылына 3 миллион еуро сұрауда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы Sabah.com.tr сайты хабарлайды.
Бұған дейін «Локомотивтің» жартылай қорғаушысын «Бешикташ» өз қатарына қосуға мүдделі екендігі хабарланған болатын.
28-жасар Миранчук теміржолшылардың келісімшартты ұзарту туралы ұсынысын қабылдамады, өйткені клуб оның жалақысын 2,4 миллион еуродан 1,2 миллион еуроға дейін төмендеткісі келеді.
Sabah.com.tr сайтының хабарлауынша, Миранчук «Бешикташқа» ауысуға келісім берген, бірақ жылына 3 миллион еуро жалақы сұраған – бұл сома клуб төлеуге дайын мөлшерден әлдеқайда жоғары. Келіссөздер жалғасуда.
Ағымдағы өтіп жатқан Ресей чемпионатында футболшы 17 матч өткізіп, 2 голмен және 3 нәтижелі паспен көзге түсті.