logo

Министр аймақтарда ұлттық спорт түрлерін жандандыруды тапсырды

Министр аймақтарда ұлттық спорт түрлерін жандандыруды тапсырды

Астанада ҚР туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтуде. Жиын барысында министр Ермек Маржықпаев биыл өтетін Көшпенділер Ойынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі – елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу. Байрақты бәсекенің саламатты өмір салтын дәріптеудегі, бауырластық байланыстарды арттырудағы маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәлімдеген болатын. «Спорт – бейбітшілік елшісі» деген сөз бар. Бұл спорт арқылы ортақ құндылықтарды қалыптастыру, халықтарды жақындастыру ұстанымын көздейді.
Бұл ретте, Көшпенділер Ойындарына әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар қатысады деп күтілуде. Бұл Ойындарда спорттық ойындармен бірге мәдени және ғылыми бағдарлама да кеңінен ұсынылады. Ат жалында азамат болып ер жеткен қазақ халқы ежелден спортқа бейім. Бұл Ойындарда еліміздің құрамасы айбынды өнер көрсетуі үшін барынша жағдайлар жасауымыз қажет. Өңірлер дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларын ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмысын жандандыруды сұраймын»



Күн шежіресі