logo

Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.

Бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын.



Күн шежіресі