Мерген Валерий Рахымжан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Қазіргі таңда Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қазақстандық Валерий Рахымжан финалға жолдама алды.
Нәтижесінде отандасымыз сегізінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды қытайлық Бу Шуайхан иеленді.
Екінші орын ресейлік Антон Аристарховқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Бугра Селимзаде түйіндеді.