Медаль үшін айқас! 15 қарашада Исламиадада қандай қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді?
Ислам ынтымағы ойындары мәресіне жақындап келеді: көптеген спорт түрлерінде медальдар сарапқа салынып үлгерді, ал кейбірі әлі жарыс жолына шыққан жоқ, деп хабарлайды Sport+.
15 қарашада қазақстандықтар екі жекпе-жек түрі бойынша — ушу және таеквандодан — бақ сынайды.
Ушу шеберлері алдын ала жекпе-жектерін өткізеді, ал медальдар келесі күні сарапқа салынады. Жарыс жолына Аян Тұрсын, Ислам Каримов, Юлдуз Юлдашева, Ибрагим Айтпұхунов және Карина Исмаилова шығады.
Ал таеквандода алғашқы медальдар дәл осы күні ойнатылады. Исламиада жүлделері үшін Азірет Дүйсенбек, Камила Аймукашева және Ярина Пуганцова таласады.