logo

Мария Дмитриенко стенд атудан олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

Мария Дмитриенко стенд атудан олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.  

Спортшы Дохада (Катар) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде жолдамаға ілікті. Дмитриенко «трап» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетті. Осылайша, Мария стенд атудан Қазақстаннан лицензия алған алғашқы спортшы. 

Айта кетелік, Дохада Қазақстан намысын 21 мерген қорғап жатыр. Турнир 29 сәуірде аяқталады.



Күн шежіресі