Мария Бровкова - әлем чемпионатының жүлдегері
Самарқанда байдарка мен каноэден әлем чемпионатында Мария Бровкова жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Мария 500 метр қашықтықта каноэ есуден қола жүлдені жеңіп алды. Қазақстандық ескек есу шебері украиналық және чилилік спортшыдан кейін мәре сызығын үшінші болып қиды. Бұл – 19 жастағы Мария Бровкованың ересектер арасында әлем біріншілігіндегі алғашқы медалі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
Сонымен қатар, Мария Бровкова микстан (екі ер, екі әйел адам) 500 метр қашықтықта финалға шықты.