Марат Быстров «Ахматпен» келісімшартын бұзды
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров «Ахмат» РПЛ клубымен келісімшартын бұзды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы клубтың спорт директоры Руслан Газаев хабарлады.
Осы маусымда Быстров «Ахмат» үшін барлық турнирлерде бар болғаны жеті ойын өткізді.
Қазақстан құрамасының 31 жастағы қорғаушысы «Ахмат» сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.