Мәнерлеп сырғанаудан қазақ спортшысы күтпеген жерден жүлде алды
Қазақстандық спортшы София Фарафонова Түркиядағы халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Мәнерлеп сырғанаудан өткен ірі жарыста Фарафонова қола жүлдегер атанды. Бұл сында алтынды литвалық Александра Головкина, күмісті молдовалық Анастасия Грачева иеленген.
Эфес Кубогы 22-28 қаңтарда Түркияда өтті. Жарысқа 15 елден келген спортшылар қатысты.