Макс Уолкер Румынияда жеңіске жетті
Astana Qazaqstan Development Team командасының өкілі Макс Уолкер Румыниядағы «Тур Сибиу» жарысының екінші күнінде жеке сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
6 шілде күні басталған көпкүндіктің екінші жарыс күні екі кезеңнен тұрды: 103 шақырымға жалғасқан таңертеңгілік топтық сайыс және кешкі 3,3 шақырымдық кезең.
«Шынымды айтсам, бұл өте қиын кезең. Таңертеңгілік сайыста жеңіске жеткім келді, бірақ сәтсіздікке ұшырадым. Осылайша бар күшімді екінші кезеңге салдым.
Ар қашықтық қысқа болса да, техникалық тұрғыда қиынға соқты. Күрделі бұрылыстар мен тас жолы болды. Бүгінгі күнімді осындай нәтижемен аяқтай алғаныма қуаныштымын», – деді Макс Уолкер.