logo

Лев Черепанов: Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды

Лев Черепанов: Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды

Қазақстандық Лев Черепанов Гонконгтағы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшы жарыстың өте тартысты өткенін айтты, деп хабарлайды Sport+

«Өз өнерімді сәтті деп бағалаймын. Медальдың аты медаль. Қашықтықты жүзіп өту қиын болды. Жарыс үлкен тартыспен өтті, бәрі соңғы 100 метрде шешілді.

Өкінішке қарай, 5 шақырымдық жарыс ауа-райының қолайсыздығына байланысты болмайтын болды. Ал, біз ашық суда жарысудамыз, сондықтан жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Азия чемпионатында бәсекелестік айтарлықтай артқан. Барлық командалар өте жылдам жүзіп, лайықты нәтижелер көрсетуде. Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды, ” — дейді спортшы.

Айта кетейік, Лев Черепанов 10 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.