Көркем гимнастикадан қазақстандықтар халықаралық турнирде 4 алтын алды
Мажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ел құрамасынан Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова Қазақстан қоржынына 4 алтын медаль салды.
Жекелей сында Айбота Ертайқызы доп, лента және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.
Ал көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған.
Сондай-ақ мұнда ұлттық құрама сапынан Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады.