logo

Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 2-орын алды

Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 2-орын алды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қорытындысында қазақстандықтар 321.60 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Бас жүлде Өзбекстанға бұйырса (329.45 ұпай), үшінші орынға Жапония құрамасы (316.85 ұпай) иелік етті.

Жекелей сында өнер көрсеткен Эльжана Таниева шығыршық (33.90) бірінші, таспа (31.05) төртінші, ұршық (30.80) бесінші, доп (32.60) жаттығуларында үшінші орын иеленді.

Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Айбота Ертайқызы шығыршықпен (33.25) үшінші, таспамен (32.90) бірінші, ұршықпен (30.15) алтыншы, доппен жаттығуда (32.65) екінші орынға табан тіреді.

Ал топтық бәсекеде еліміздің құрама командасы (Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан) бес шығыршық (32.10) пен екі доп, үш таспа жаттығуларында (29.65) қолаға қол жеткізді.



Күн шежіресі