Көркем гимнасшылар тағы үш медаль жеңіп алды
Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде ел қоржынына Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Атап айтсақ, кеше Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізсе, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.
Жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.