Кезекті қазақстандық файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойды
ММА жауынгері Бекзат Алмахан әлемінің үздік промоушені UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
26 жастағы спортшы ең жеңіл дивизионда өнер көрсетеді. Жақын арада оның UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі жоспарлануда. Кім бірінші қарсылас болатыны және жекпе-жек қашан өтетіні туралы кейінірек белгілі болады.
Бекзат Алмаханның ММА-дағы рекорды 17-1. Жауынгер «Октагон» лигасындағы барлық жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Алмаханның бас бапкері - қазақстандық маман Данеш Дүнгенбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram