logo

Керлингтен Қазақстан құрамасы Кенияны жеңді

Керлингтен Қазақстан құрамасы Кенияны жеңді

Шотландияның Абердин қаласында аралас командалар арасында керлингтен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнирге 39 ұлттық аралас құрама (екі ер адам және екі әйелден тұратын командалар) қатысуда.

Қазақстан құрамасы Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір және Тілсімай Аллияровадан құралған. Финляндияны жеңіп, Швейцариядан жеңілгеннен кейін, Қазақстан құрамасы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Кения құрамасына қарсы матчтың есебі 15:2 болды.

Алдағы уақытта қазақстандық керлингшілер Германия, Уэльс, Украина және Бельгия командаларымен кездеседі.