Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дейзи Джепкемей Белфорт қаласында (Франция) өткен Le Lion жартылай марафонының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортшы бұл қашықтықты 01:07:54-те бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орын Угандадан келген Аннет Челангатқа бұйырды - 01:09:58.

Қола жүлдені Меселу Кахсай (Эфиопия) жеңіп алды – 01:10:18.

Айта кетейік, Дейзи Джепкемей Қазақстанға Кениядан келген спортшы. Ол Париж Олимпиадасында 17-орын алған еді.