Кәсіпқой футболшылар альянсы футболшыларға маңызды кеңес берді
Кәсіпқой футболшылар альянсы жас футболшылар мен олардың ата-аналары жиі қоятын сұрақтардың біріне жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан футбол федерациясының Регламентінің жаңа өзгертулеріне қатысты егер де футболшының қәзіргі клубы жаңа еңбек шартын ұсынбаса, футболшыны дайындағаны үшін өтемақы төленбейді. Яғни қазіргі клуб футболшыға ағымдағы еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін 60 күннен кешіктірмей ресми хабарлама арқылы жазбаша түрде жаңа еңбек шартын жасасуды ұсынуы керек. Сонымен қатар қазіргі клуб футболшыдан аталмыш жаңа ұсыныстың көшірмесін алғанын растауы керек. Тағы бір маңызды шарт жаңа ұсыныс ағымдағы еңбек шартынан қаржылық тұрғыдан, яғни жалақысы жағынан кем дегенде тең болуы тиіс, - деп хабарлады ұйымның бас хатшысы Нұркен Мырзағалиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram