Карина Ибрагимова ӘЧ-ның 1/4 финалына жолдама алды (видео)

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Карина бұл кезеңде Элис Глинмен (Ұлыбритания) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.