logo

Карина Горичева ауыр атлетикадан ел чемпионатында топ жарды

Карина Горичева ауыр атлетикадан ел чемпионатында топ жарды

Ауыр атлетикадан Қостанайдағы ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ерлер сайысында 73 келіде чемпиондық бәсеке алматылық Әлібек Рақымберді мен Ерасыл Сәулебековтің арасында өтетіндігі белгілі еді. Бұл салмақ Олимпиадалық салмақ ретінде саналады.

Кейінгі жылдарда екі спортшы аталған салмақта бір-бірімен бәсекеге түсіп келеді. 2022 жылы ел чемпионатында Ерасыл топ жарса, 2024 жылы Әлібек үздік екендігін дәлелдеп отыр.

Ал әйелдер арасында 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола медаль алған Карина Горичева (64 келі) қоссайыстың қорытындысымен 198 келіні (90+108) бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Одан кейінгі орындарды Айғаным Жанболат (Алматы облысы) мен Кира Данилова (Ақмола облысы) өзара бөлісті.