Каратэ Premier League. Қытайдан тікелей эфирдегі трансляция Sport+ арнасында

2025 жылдың 14-16 наурызы аралығында Қытайда Каратэ Premier League турнирі өтеді, оған 68 елден 400 спортшы қатысады.
Premier League турнирінің алғашқы кезеңі Парижде өтті, ал екінші кезең Ханчжоу қаласында жоспарланған. Бұл турнир рейтингтік ұпайлар мен маусым соңында үздік спортшыларға берілетін Гранд Виннерс жүлдесі үшін маңызды рөл атқарады.
Қола жүлде үшін жекпе-жектер мен финалдық кездесулер 16 наурызда Sport+ телеарнасында көрсетіледі. Таңғы сессия Қазақстан уақытымен 7:00–де, күндізгі сессия 12:00–де басталады.
Турнирдің ресми жеребесі 13 наурызда тартылады.