Канвон-2024: Шаңғымен тұғырдан секіретін спортшылар жарысты 13 орынмен аяқтады
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруші Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шаңғымен тұғырдан секіруден командалық эстафетада Қазақстан намысын Олимпиада чемпионы Илья Мизерных, Илья Шильников, Софья Шишкина және Алена Свириденко қорғады.
Нәтижесінде отандық спортшылар жарысты 491,3 ұпай еншілеп, 13 орынмен аяқтады.
Аталған додада бас жүлдені 893,7 ұпаймен Словения жеңіп алса, 818,3 ұпай еншілеген Норвегия екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті Аустрия (775 ұпай) құрамасы қанжығасына байлады.
Шаңғымен тұғырдан секіру жарысы бойынша 2 күнге жалғасқан бәсекеде 3 жүлде жиынтығы сарапқа салынып, Словения - 2 алтын, Қазақстан - 1 алтын иеленді.