logo

Юлия Феклистова фристайл-могулдан әлем чемпионатында 11-орынға тұрақтады

Юлия Феклистова фристайл-могулдан әлем чемпионатында 11-орынға тұрақтады

Айроло қаласында (Швейцария) фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні жекелей могул бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтижені Юлия Феклистова көрсетіп, 11-орынға тұрақтады. Сонымен қатар Юлия Мокина 30-шы, Валерия Воловикова 33-ші орындарға ие болды.

Ерлер арасында Денис Раструба 29-шы, Ильнар Ибрагимов 32-ші, Алексей Дегтярев 34-ші, Даниил Коротков 35-ші, Дмитрий Пятаков 48-ші орындарға жайғасты.

Айта кетейік, 20 наурыз күні чемпионат аясында фристайл-акробатикадан жекелей жарыстар өтеді.



Күн шежіресі