Италиядағы стенд атудан Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының құрамы
Стенд атудан Қазақстанның ұлттық құрамасы Лонатода (Италия) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 20 спортшы қорғайды. Құрама сапына келесі мергендер енді:
— Әсем Орынбай
— Элеонора Ибрагимова
— Даниил Почивалов
— Марк Почивалов
— Әлішер Айсалбаев
— Айжан Досмағамбетова
— Лидия Башарова
— Ольга Хайлова
— Богдан Конченко
— Александр Мухамедиев
— Илья Пеньков
— Зоя Пискун
— Артемий Плиско
— Анастасия Прилепина
— Адель Садақбаева
— Наргиза Сарманова
— Артём Седельников
— Лейла Шантекова
— Данил Стрельцов
— Ратмир Еникеев
Жарыстар 3-13 шілде аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда өткен Әлем кубогы кезеңінде Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алған болатын.