Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
Халықаралық гимнастика федерациясы Италияның Милан қаласында өтетін көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жекелей сында Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.
Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хакимжанова өнер көрсетеді.
Әлем кубогының кезеңі 10-12 шілде аралығында өтеді.