Испаниялық маманға толық сенім: «Семей» жаңа келісімшарт жасасты

Испаниялық маманға толық сенім: «Семей» жаңа келісімшарт жасасты

«Семей» футзал клубы негізгі команданың бас бапкері қызметіне испаниялық маман Серхи Альтисенттің тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Альтисент «Семей» клубына 2025 жылдың 2 қыркүйегінде келіп, Аслан Смақовтың жаттықтырушылар штабына бас бапкердің көмекшісі ретінде қосылған болатын. Қазақстанға дейін ол үш маусым бойы «Барселонаның» резервтік командасын басқарды.

2026 жылдың 13 наурызында Серхи Альтисент «Семейдің» бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңін бірінші орында аяқтап, плей-оффтың финалына дейін жетті.

Маусым аяқталғаннан кейін клуб басшылығы испаниялық маманды бас бапкер қызметіне ресми түрде бекіту туралы шешім қабылдады. Альтисентпен жасалған келісімшарт 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.



Күн шежіресі