logo

Испанияда Sport Plus Qazaqstan телеарнасының тұсаукесері өтті

Испанияда Sport Plus Qazaqstan телеарнасының тұсаукесері өтті

Испанияның Санта-Сусанна қаласында AIPS халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығының 86-шы Конгресі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Испаниядағы Конгресс аясында Sport Plus Qazaqstan жаңа телеарнасының тұсаукесері өтті және елімізде жас тілшілерге арналған АИПС халықаралық семинарын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.

Асқат Жақаев, Sport Plus Qazaqstan арнасының директоры:

- Біздің спорттық телеарнаның тұсаукесерімен өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе болды. Біз АИПС-пен «young reporter» халықаралық спорт журналистері форумын өткізу туралы келісімге қол жеткіздік. Менің ойымша, бұл оқиға Қазақстандағы спорттық журналистиканың дамуына оң әсерін тигізеді.

Сарапшылар халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығын БҰҰ Бас Ассамблеясымен салыстырады. Оның 100-ден астам елден 8000-ға жуық мүшесі бар. Биыл ұйым өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтуде.

Суретте: Sport Plus Qazaqstan телеарнасының директоры Аскат Жақаев пен AIPS президенті Джанни Мерло.