Ильфат Абдуллин садақ атудан Словениядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Ильфат Абдуллин садақ атудан Словениядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол классикалық садақ атудан жекелей сында финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде Абдуллин үндістандық Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медаль иеленді. 

Бұл сында ел намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.



Күн шежіресі