logo

Головкин спорттық мансабын аяқтады ма?

Головкин спорттық мансабын аяқтады ма?

Головкин спорттық мансабын аяқтады. Бұл жөнінде танымал менеджер әрі инсайдер Рик Глейзер мәлімдеді, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Оның айтуынша, қазақстандық боксшы 16 айдан бері шаршы алаңға шыққан жоқ.

"Соңғы рет мексикалық Сауль Альвареске есе жіберді. Одан кейінгі ұсыныстардың барлығынан бас тартты. Тіпті, чемпиондық белдіктерін де өз еркімен тапсырып тастады.

Головкин алдағы сәуір айында 42 жасқа толады. Сәйкесінше, ресми жарияламай, тыныш қана «зейнетке» кеткен сияқты", – деді Глейзер.

Головкин бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ең соңғы рет 2022 жылы Канеломен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.

Одан кейін барлық белдігінен бас тартты. Атап айтқанда, орта салмақтағы WBA, IBF және IBO чемпиондық атақтарын жекпе-жексіз бере салды.



Күн шежіресі