Гимнаст Милад Карими Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды — 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды — 14.566.