Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында төртінші орын алды
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.
Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.
Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды — 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды — 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді — 13.666.
Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.