logo

Геннадий Головкин: маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына  алғыс айтамын

Геннадий Головкин: маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына  алғыс айтамын

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауынан шыққан соң ҰОК президенті Геннадий Головкин кездесу жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына  алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық Олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның  атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді»



Күн шежіресі