logo

Геннади Головкин Денис Никишаны жеңісімен құттықтады

Геннади Головкин Денис Никишаны жеңісімен құттықтады

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен Сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі. Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді қуанта беруіңізге тілектеспін!», - деді ҰОК президенті.

Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан құрамасының үздігі Денис Никиша әлемдік сында күміс медаль жеңіп алды.

Осылайша, ол аталған спорт түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тіркелді.



Күн шежіресі