logo

Гандболдан Қазақстан құрамасы қола үшін бақ сынасады

Гандболдан Қазақстан құрамасы қола үшін бақ сынасады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін ойнайды, деп хабарлайды Sport+.

Біздің спортшылар турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде қазақстандықтар Жапония құрамасына 23:30 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін күреседі. Бұл жүлдеге жартылай финалда Оңтүстік Кореядан жеңілген Иран да үміткер ретінде саналады.

Айта кетейік, матч 10 желтоқсанда өтеді.