Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурдан басым түсті
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Отандастарымыз Сингапур командасына қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 39:7 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандықтар үш ойынның екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін олар Қытай құрамасынан басым түскен еді. Тек Оңтүстік Кореяға есе жіберді.
Айта кету керек, әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстанның топтық кезеңдегі орны Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы матчтың нәтижесіне байланысты анықталады.