Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті.

Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.