Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен тең түсті
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионаты алдында Өзбекстан командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тараз қаласында өткен кездесу тең есеппен аяқталды - 2:2. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Екінші минутта қазақстандық құраманы Арнольд Кнауб алға шығарды. Қонақтар 10 және 24-ші минуттарада екі нәтижелі соққымен жауап қайтарды.
Кездесу соңында қазақстандықтар есепті теңестірді. Лео Игита қақпаға жойқын соққы бағытады, ал Шыңғыс Есенаманов қарсылас команданың қақпашысы қайтарған соққыны голға айналдыра білді. Осылайша алаң иелері ойынның соңына 40 секунд қалғанда жеңілістен аман қалды.
Қарсыластар арасындағы екінші ойын да жолдастық форматта 9-сәуірде Таразда сағат 19:00-де өтеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың күзінде Қазақстан құрамасы Өзбекстан өтетін футзалдан Әлем чемпионатына қатысады.