logo

Футболдан Азия кубогы: Өзбекстан құрамасы Сириямен тең түсті

Футболдан Азия кубогы: Өзбекстан құрамасы Сириямен тең түсті

Катарда футболдан Азия кубогында 13 қаңтарда екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өзбекстандық футболшылар В тобында бірінші турда Сириямен шеберлік байқасты. Тартысты өткен кездесуде есеп ашылған жоқ, 0:0.

Бұл топтағы тағы бір кездесуде Австралия құрамасы Үндістанды 2:0 есебімен жеңді. Ал А тобында Тәжікстан мен Қытай құрамалары 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Бұл топта 12 қаңтарда Катар Ливанды 3:0 есебіментізе бүктірді. Енді 14 қаңтарда С тобында Иран мен Палестина, Біріккен Араб Әмірлігі мен Гонконг кездеседі.

Сондай-ақ, бұл күні D тобында Жапония мен Вьетнам жасыл алаңға шығады. Азия кубогы ойындары 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Жапония - 4, Сауд Арабиясы мен Иран - 3, Оңтүстік Корея - 2, Израиль, Кувейт, Австралия, Ирак, Катар 1 реттен чемпион атанды.