Францияның барлау қызметі Парижде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатынан бас тартуды ұсынды
Францияның Ішкі қауіпсіздік басқармасы (DGSI) республиканың Ішкі істер министрлігіне Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын өзенде өткізуден бас тартуды және қауіпсіздік үшін «В» жоспарына көшуді ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлда жасалған лаңкестік әрекеттен кейін Франциядағы лаңкестік қауіп деңгейі барынша жоғарылады. Француз барлау қызметі Орталық Азиядан келгендерге тексерісті күшейтті.
Бұған дейін Франция Құрлық әскері Бас штабының бастығы Пьер Шиль Франция Париждегі Олимпиада ойындарын күзету үшін пайдаланылатын әскери контингентті 20 мың адамға дейін арттыратынын хабарлаған.
Ол елдің барлық аумағындағы Олимпиада алауын жағушыларды әскерилер күзетіп жүретінін айтты.