Франциялық Альпі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдайтын болды
Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында айтылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах.
Айта кетелік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.