Францияның регби федерациясы ұлттық құрамаларға жаттығу жиындары кезінде және матчтардан кейін алкоголь мен есірткі қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл шешім ойыншылар арасындағы тәртіпті нығайту мақсатында қабылданды. Сонымен қатар, француз федерациясы спортшыларды тұрақты түрде есірткі мен алкогольге тексеріп отырады.

Бұған дейін Франция регби құрамасының ойыншыларына ауырлататын жағдайдағы сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған болатын.