Эвересті бағындырған қазақстандық альпинистерге пәтер берілді
Ғаламшардың ең биік шыңы Эверест шыңына (8 848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Әлмір Қымбатбайұлына пәтер сертификаттары табыс етілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бүгін экспедиция қатысушылары – Эверестке шыққан тарихтағы тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева мен оның жетекшісі, ғаламшардағы 14 сегіз мыңдықтың барлығын бағындырған аты аңызға айналған қазақ альпинисі Мақсұт Жұмаев және Әлмір Қымбатбайұлы баспасөз мәслихатын өткізді.
Іс-шара барасында қазақстандық ірі құрылыс компаниясы үш альпинистке Алматыдан екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.